
Ұлы Отан соғысының ардагері Арсентий Андреевич Щудляктың өмірден өткенін күйзеліспен хабарлаймыз. Ол Отанды қорғау жолында ауыр сынақтардан өтіп, ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін Арсентий Андреевич сияқты ержүрек жандарға мәңгі қарыздармыз. Оның өмір жолы, жасаған ерлігі мен елге сіңірген еңбегі жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.