Жәрдемақы алуға өтінішті SMSарқылы бере аласыз

Жәрдемақы алуға өтінішті SMSарқылы бере аласыз

Ақмола облысының тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді белсенді алу әлі де танымал. Осылайша, олар SMSарқылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Бұл жағдайда оларға халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

Осы проактивті қызметті алудың міндетті шарты азаматтардың деректер базасындаұялы телефон нөмерін тіркеу болып табылатынын ескертеміз. Ол үшін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңсесіне хабарласуы немесе электронды үкімет порталында тіркелуі қажет.

Ары қарай қызмет алушының өтінішінсіз, 1414 қысқа нөміріне келетін SMS-хабарламаларынажауапалу арқылы қызмет іске асырылады. Қатысты жәрдемақыны тағайындағаннан кейін қызмет алушыға тағайындалған жәрдемақы сомасы туралы хабарламасы қызмет алушының абоненттік нөміріне қысқа мәтінді хабарлама ретінде келеді.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Ақмола облысының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесі»әлеуметтік-еңбек саласындағы Бірыңғай байланыс-1411 орталығына хабарласа алады (қоңырау шалу тегін).