Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы орта мектебі робототехника командасын халықаралық чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз!
2024 жылдың 20-21 сәуірі аралығында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялардың “RoboteK Turkiye 2024” халықаралық чемпионатында Бурабай ауданының « Redwood» және «Vip kazakh» командалары «Line Following» санаты бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа 9 мемлекеттен 45 команда қатысты.
🏆Халықаралық сайыста топ жарған жерлестеріміз Жеңіс Дидар, Қаппас Дидар, Кәдірбай Нұрәлі, Амантай Әуез, Қайрат Мадияр жаттықтырушылары Нұржан Галиұлы Әбілжанов жетекшілігімен енді ел намысын желтоқсан айында Италия елінің Рим қаласында өтетін дүниежүзілік жарыста қорғайды.
Жеңіс құтты болсын! Сәттілік!