Осы демалыс күндері "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы аясында 26 сәуірде Макинск қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді.
Сенбілік аясында қала аумағын қоқыстан тазарту, гүлзарларды, аулаларды, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану объектілеріне және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жоспарлануда.
Аудан әкімдігі қаланың барлық кәсіпорындарын, шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын экоакцияға қосылуға және тазалауға шығуға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, эко акцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.
Қаланың барлық тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруды жақсартуға үлес қоса алады. Эко акция сағат 10.00-ден басталады.