Қараөзек және Журавлевка ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс және кезекті сайлауы өткізілді

Қараөзек және Журавлевка ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс және кезекті сайлауы өткізілді
2025 жылғы 19 қаңтарда Қараөзек және Журавлев ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс және кезекті сайлауы өткізілді.
Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов Қараөзек және Журавлев ауылдық округтері әкімінің аппаратына және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жаңа әкімдерді таныстырды.
Қараөзек ауылдық округінің әкімі қызметіне көпшілік дауыспен Молдаспаев Абзал Төлешұлы сайланды.
Молдаспаев Абзал Төлешұлы 1986 жылы 8 сәуірде Біржан сал ауданы Мақпал ауылында дүниеге келген. 2007-2023 жылдар аралығында Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін "Бұланды ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің заң қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Журавлев ауылдық округінің әкімі болып көпшілік дауыспен Гильгенберг Татьяна Ивановна сайланды.
Гильгенберг Татьяна Ивановна 1984 жылы 12 қыркүйекте Целиноград облысы, Маринов ауданы, Журавлевка ауылында дүниеге келген.
2005 жылдан бастап "Журавлев ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Журавлев ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.
Аудан әкімі Ардақ Смайылов ауылдық округтерді дамытуда қойылған бірқатар міндеттерді айтып, сайланған әкімдерге жұмыста табыс тіледі.