Бұланды ауданындағы су тасқыны: төртінші күн қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Бұланды ауданындағы су тасқыны: төртінші күн қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Жергілікті билік табиғи апаттан кейін дереу жұмысқа кірісті. Аудан су тасқынынан кейін қалпына келеді.

«Макинск жылу» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы Азамат Алдабергенов айтуынша, Бұланды ауданы Купчановка ауылының кіреберіс тобы бойынша қалпына келтіру жұмыстары төртінші күн жүргізілуде.

«Мұнда еріген қар суы жолды үш жерден жуып өткен. Қолданыстағы көпір үлкен су ағынына төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта инертті материал - кесек тас, екінші қабатта ұсақталған қиыршық тасты және үшінші қабатта құмды тас төселуде», - деді А.Алдабергенов.

Бүгін коммуналдық қызметкерлер сендіргендей, олар жұмысты аяқтап, Купчановкаға кіру жолын ашады.

Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша Вознесенка ауылында да жұмыстар қызу жүріп жатыр: айналма жолға құбырлар салынды және инертті материалмен толтыру жұмыстары жалғастырылуда.

«Капитоновка ауылдық округінде 35 үй тексерілді. Бағалаушылар жұмысқа кірісті. Ауылда электрмен жабдықтау іске қосылды, су жеткізу ұйымдастырылды. Әлеуметтік нысандар зардап шеккен жоқ» - деді Капитоновка ауылдық округінің әкімі Зарина Янкова.

Ивановка ауылында екінші күн қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер барлық жұмыстарды бейсенбі-жұма күндері аяқтауды жоспарлап отыр.

«Иванковка» ЖШС директорының орынбасары Владимир Матеровтың айтуынша, су тасқынына қарсы жұмыстар уақтылы басталды.

«Ивановка бойынша 11 наурыздан бастап көшелер мен аллеялардан қар тазалана бастады, ағындар да тазаланды. Толығымен су қабылдауға дайын болды. 6 сәуірден бастап бөгетте кезекшілік басталды. Әкімдік ауыл тұрғындарына судың келуі туралы ескертті. Кеше үйлеріне 20 адам оралды. Бүгін қалған тұрғындар да оралады», - деді аграршы.

Ивановка ауылында тұратын ерлі-зайыптылар бей-жай қарамайтын қазақстандықтарға алғыстарын білдірді.

"Біз отбасымызбен бесінші жыл ауылда тұрамыз. Ең бастысы, біз бәріміз тіріміз. Су тасқыны өтті деп үміттенеміз. Жағдай одан да нашар елді мекендер бар. Барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ең бастысы, біз жалғыз емеспіз. Біз бір-бірімізге көмектесеміз", - деп бөлісті Руслан Жалмағамбетов.

Айта кетейік, аудандық материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия бүгінгі таңда 165 үйді тексеріп, 35 өтініш қабылдады.