«Терроризм жаһандық қауіп ретінде»

«Терроризм жаһандық қауіп ретінде»
04.04.2024 жылы ауданық мәдениет үйінде Бұланды ауданының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудан жастары және мәдениет саласының қызметкерлерімен діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі және оның алдын алу бойынша кездесу өткізді. 
Теолог-маман Смадьяров Бахтияр Серікұлы «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын Интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыптарында сөз сөйлеп, ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін белгіленген жауаптылық шараларына тоқталып өтті. 
«Алтайбек ата» мешітінің наиб-имамы Билялов Жанат Қанатұлы мен Макинск қ. «Әулие николай чудотворец храмының приходы» ЖПДБ басшысы Шелободин Владимир Сергеевич «Қазақстан халқының рухани-адамгершілік құндылықтары», «Қазақстандық патриотизм және дәстүрлі діндер» тақырыптарында кеңінен ақпарат беріп, әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. 
«Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Ибрагимова Саяна Нурмамедовна деструктивті діни ағымдардың белгілері, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, дін саласындағы кәсіби көмек туралы ақпарат қамтылған бейнероликтерді назарға ұсынды. 
Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, аталған тақырыптар аясында өз ойларымен бөлісті.