2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 987,4 млн теңгені құрады.

 

Активтердің 34,51% мөлшері ҚР ҚМ МБҚ инвестицияланды, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 19,32%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,79%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 2,45%; РЕПО - 9,02%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары -8,65%, АҚШ мемлекеттік облигациялары - 8,23%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,94%, АҚШ долларымен  24,06% инвестицияланды.

 

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері жыл басынан бері 89,83 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бастап 9,11% көрсетті.

 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 5,4 млрд теңгені құрады.

 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 51,69%, шоттардағы ақшалай қаражат – 12,98%, Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,77%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,13%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,09%, шет мемлекеттердің МБҚ - 4,49%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 85,18%, АҚШ долларында  13,82%, евро валютасында  0,99% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 153,15 млн теңге болды. 2023 жылдың басынан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,29% көрсетті.

 

"Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance ЕҰ" АҚ  басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Табыстылықтың ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% мөлшерінен аспайтын бөлігін сенімгерлік басқаруға бере алады. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады.