УҚұрметті журналистер, блогерлер, сондай-ақ журналистика факультетінің студенттері!

УҚұрметті журналистер, блогерлер,  сондай-ақ журналистика факультетінің студенттері!

Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Сізді "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2023 жылғы 23 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2023 жылғы 24 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.

          Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелері, «БЖЗҚ» АҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу тетіктері туралы баяндайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасау керектігін және тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын нақты көрсетеді. Сондай - ақ, Әлеуметтік кодекске сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген жаңалықтармен және 2024 жылы басталатын "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасымен таныстырады.

Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы

Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өткізу уақыты: 23 қараша орыс тілінде және 24 қараша қазақ тілінде сағат 10.00 - ден 13.00-ге дейін.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс: 

ТАӘ,

БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,

қатысу күні,

электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

 

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).