Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты

Президент Парламент Сенатының отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеп, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жоғары палата депутаттарының бір бөлігі сайланғанына және өзінің Жарлығымен бірнеше сенатор тағайындалғанына тоқталды. Президенттің пайымынша, осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды. Сенат депутаттарының арасында әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді. Осылайша, Сенат түрлі санаттағы қоғам өкілдерін барынша қамтыды. толығырақ ortcom.kz сайтында