Терроризмге қарсы комиссияның отырысы

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы

07.12.2022 ж. Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес ТҚК алдыңғы шешімдерінің орындалу барысы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы, комиссияның келесі жылға жұмыс жоспары туралы сұрақтар талқыланды. Отырыс барысында атқарылып жатқан шаралардың тиімділігі жөнінде сөз қозғалып, талқыланған сұрақтар негізінде комиссия төрағасы тиісті мекеме басшыларына нақты орындалу мерзімі бар тапсырмалар берді.