Қазақстан мен Грекия: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан мен Грекия: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын тойлауы тағы бір айтулы оқиғамен атап өтілді – Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Николаос Дендиас екіжақты қарым-қатынастар тарихында Астанаға алғашқы ресми сапармен келді.

Сапар барысында Н. Дендиас ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында грек министрі екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, Грекия Қазақстанды өңірдегі тұрақтылыққа кепіл болатын Орталық Азиядағы ең ірі және басымдыққа ие ел ретінде қарастыратынын атап өтті.