Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның 77-ші сессиясы аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын қарастырды, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп бара жатқан Питер Маурерге біздің елмен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі және соңғы он жыл ішінде ұйым басшысы ретінде атқарған жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Петер Маурер Қазақстан Президентіне оның қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

ХҚКК басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және оның Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке үлесін атап өтті.