Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

Хабарландыру                   «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады  Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

Хабарландыру

 

                 «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

 

БЖЗҚ 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін өткізеді

 

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі таза инвестициялық табыс есебінен зейнетақы жинақтарының өсімі 1,4 трлн теңгеге жетті. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%.

Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.  

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Ұлттық банкпен қатар 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынын айта кетейік. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алған соң ИПБ да оларды рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.

Зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келе ме? 28 маусымда 10:00с., 12:00с. және 15:00с. өтетін                  іс-шарамызға қосылыңыз.

 Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы bit.ly/akminvest сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2510 164 6333 мен event-жиналыс паролі 1234 енгізіледі.

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және Ашық есік күніне қатысқысы келетіндердің барлығын күтеді!