Бүгін Бұланды аудандық мәслихатында депутаттық өкілеттік, этика және әлеуметтік сала, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Макинск қаласының әкімі М.Б. Есенғожиннің «Қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша көктемгі айлықтың қорытындылары туралы» есебі.
2. Ерголка ауылдық округінің әкімі А.А.Сандыбаеваның «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы» есебі.
Отырыс қорытындысы бойынша қала әкіміне Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көшелер мен басқа да аумақтарды жарықтандыру, автомобиль жолдарын ретке келтіру және күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.
Ерголка ауылдық округінің әкімі А.А.Сандыбаеваның есебінің қорытындысы бойынша депутаттар ауылдық округтің дамуы мен тыныс-тіршілігінің басым міндеттері мен проблемалық мәселелері бойынша жұмысты жандандыруды, жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстары арқылы жергілікті маңызы бар неғұрлым маңызды және ағымдағы мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттыруды, ауылдық округ әкімінің шешімдері жиналыс өкілдерімен келісіліп, мақұлдануына қол жеткізуді ұсынды.