Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек.
Мысалы, егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді, сондықтан жәрдемақы қолыңызға маусым айында тиеді.
Өтінішті:
- ХҚО арқылы;
- Egov.kz порталы арқылы;
- Kaspi.kz, Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Толығырақ 1414 нөміріне хабарласып біле аласыз.