ПЕгер сіз ЭЦҚ-ңызды ХҚО-да алған болсаңыз, оның қолданылу мерзімін онлайн ұзартуға болады.

ПЕгер сіз ЭЦҚ-ңызды ХҚО-да алған болсаңыз, оның қолданылу мерзімін онлайн ұзартуға болады.
Егер сіз ЭЦҚ-ңызды ХҚО-да алған болсаңыз, оның қолданылу мерзімін онлайн ұзартуға болады. Ал egov.kz порталы арқылы онлайн алынған ЭЦҚ-ның мерзімін ұзарта алмайсыз - 1 жылдан кейін оны қайта алуға тура келеді.
ЭЦҚ-ны онлайн қалай ұзартуға болады?
Ең алдымен компьютеріңізге NCALayer бағдарламасын жүктеп алыңыз. Содан соң egov.kz порталына кіріп, «ЭЦҚ қайта шығару» қызметін таңдаңыз. Сізді pki.gov.kz сайтына бағыттайды.
Әрі қарай, пайдаланушы келісімін қабылдап, кілттерді сақтау жолын көрсету керек. Ыңғайлы болу үшін алдын ала жаңа папка ашып қоюды ұсынамыз.
Жолдарды толтырғаннан кейін, қолданыстағы кілтпен өтінімді растаңыз.
Статус жаңартылғаннан кейін жаңа ЭЦҚ-ңызға құпиясөзді орнатыңыз.
Енді дайын сертификаттарды жүктеп алу ғана қалды.
Құпиясөзді ұмытпау үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз!