Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыс барысында мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды құрылымдық бөлімдер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адам жүргізеді.

         Бұланды ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 04-33ө өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы бекітілген болатын.

         Жұмыс тобы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» және «Экономика және қаржы бөлімі», «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.