Бұланды ауданында жаңа жылдық қайырымдылық жәрмеңке өтті.

Бұланды ауданында жаңа жылдық қайырымдылық жәрмеңке өтті.

Бұланды ауданында жаңа жылдық қайырымдылық жәрмеңке өтті.

Келе жатқан жаңа жыл жақсылық, жаңа ырыс әкелсін деген ниетпен аудандық мәслихат депутаттары  жанға жылулық сыйлайтын іс шараның себепкерлері болды. Ол аудандымызда өткен Купчановка ауылы, Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызмет алушыларды қолдау үшін олардың қолдан жасалған әр түрлі бұйымдары сатылымға қойылған жаңа жылдық қайырымдылық жәрмеңкесі.  

Жәрмеке ұйымдастырушыларына және аудандағы қайырымдылық қозғалысына сүбелі үлес қосып жүрген өнеркәсіптік объектілер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларына, жеке кәсіпкерлерге  өз ризашылығын білдірген аудан әкімі Талғат Ерсейітов, осындай қайырмдылық істің алдағы уақытта да жалғасын табарына өз сенімін білдірді.

Жәрмеңке барысында, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың  балаларына тарату үшін әр келген қонақтардың балаларға арналған сыйлықтары жиналды,    жәрмеңкеге шақырылған қонақтар арасында аукцион ойнатылып, бір қатар қолдан жасалған бұйымдар жоғарғы бағамен сатылды.

Аталмыш қайырымдылық шарадан жиналған қаражат Купчановка ауылы, Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қолдан бұйымдар жасауға қажетті материалдар алу үшін жолданды.

«Қайрымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дегендей, ауданымызда осы бағытта  атқарылып жатқан шаралар аз емес, дегенмен қайырымдылыққа жақын жандардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.