Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Бүгін аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Аудан әкімі Талғат Ерсейітов аппараттық кеңес жұмысы басталар алдында кадрлық тағайындаулар туралы хабарлады.

Бұланды аудандық полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Нұрлан Жұмабекұлы Сәйдалин тағайындалды.

Нұрлан Жұмабекұлы 1976 жылы туған білімі жоғары, ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясының заң институтын, ҚР ІІМ Б. С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын бітірген. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап, 25 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Қызметін Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің тергеушісі болып бастаған. Соңғы атқарған қызметі Есіл ауданының полиция бөлімі бастығы.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес Бұланды ауданының 2021 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының орындалуы және 2021 жылы күтілетін қорытындылары, кіріс және шығыс жұмыстарының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Жиналыс соңында аудан әкімінің орынбасарларына, дербес бөлім басшыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық ұстанымдарын талдау және экономикалық индикаторларды жақсарту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.