ПМакинск қаласының Балуан Шолақ көшесінде жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде.

ПМакинск қаласының Балуан Шолақ көшесінде жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде.
Макинск қаласының Балуан Шолақ көшесінде жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі күні негізгі жүріс бөлігінде асфальт төсеу және үйлерге кіреберістерді орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда, тротуарлар мен 120 жарықдиодты шамдары бар 58 жарықтандыру бағаналары орнатылды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Макинск қаласы бойынша ұзындығы 14,500 шақырым болатын 15 көшенің жолдары жөнделуде.