Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов халық жаңадан сайлаған Қараөзек, Айнакөл, Никольск ауылдық округтерінің әкімдерін қоғамдық қауымдастық мүшелеріне, ауыл активіне таныстырды.

Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов халық жаңадан  сайлаған Қараөзек, Айнакөл, Никольск ауылдық округтерінің  әкімдерін  қоғамдық қауымдастық мүшелеріне, ауыл активіне таныстырды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша   сайланған ауылдық округтер әкімдерін  жаңа қызметтерімен құттықтап, «Әр аулдың өз проблемалары бар, оларды бірлесіп шешу қажет. Осы орайда, ауылды дамыту жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін және ауыл тұрғындарының сенімінен шығады деген ойдамын», - деді, аудан басшысы  Талғат Ерсейітов.

Айта кетейік,   аудандық маңызы бар қала, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауыл әкімдерінің тікелей  сайлауы ауданның 5 ауылдық округтерінде 11 сайлау учаскесінде өткізілген болатын.