Аппаратное совещание

Аппаратное совещание

Аудан әкімі Талғат Ерсейітов аппараттық кеңес жұмысы басталар алдында кадрлық тағайындаулар туралы хабарлады.
​Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып 1983 жылы туған Рамазанов Руслан Айдарбекұлы тағайындалды. ​ Білімі Жоғары, Көкшетау университетін "Қаржы"мамандығы бойынша бітірген. Салық органдарында бірқатар лауазымдарды атқарды. Соңғы жұмыс орны Степногорск қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. ​ ​
Кеңес барысында Бұланды ауданында егіс науқанын өткізу барысы және өрт қауіпті кезеңге және шомылу маусымына дайындық туралы мәселелер талқыланды.​
​ ​ ​
​ Талқыланған мәселелер негізінде аудан басшысы ауыл шаруашылығы бөліміне шаруа және фермер қожалықтарының егіс науқанын уақытында аяқтауды қамтамасыз етуді, күзгі-далалық жұмыстарға кепілдік берілген ЖЖМ көлемі үшін шарттар жасасуды және төлемді уақтылы жүргізуді; Төтенше жағдайлар бөліміне, "Отрадное орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің Төтенше жағдайлар бөліміне өрт қауіпті кезең бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізуді, Бұланды ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, халықтың суға шомылу орындары бойынша су айдындарында болу қағидаларын түсіндіре отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізу