Макинск қаласындағы теміржолдың арғы бетіндегі көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Макинск қаласындағы  теміржолдың арғы бетіндегі көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Ағымдағы жылы Макинск қаласының теміржолдың арғы бетіндегі көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
"Макинск қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу" жобасы бойынша 8 көше (Куйбышев, Лермонтов, Калинин, Маяковский, Горький, Ломоносов, Пархоменко, Громов) қиыршық-шағылтасты жабынмен жөнделетін болады.
"Макинск қаласының Скуридин көшесін ағымдағы жөндеу" жобасы бойынша белгілер, жол белгілері, су өткізу құбырлары және жолдарды асфальттау қарастырылған.
"Макинск қаласының Пристанционная және Элеваторная көшелерін ағымдағы жөндеу" жобасы бойынша шұңқырларды жөндеу және асфальттау жұмыстары көзделген.
Қазіргі уақытта жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті.