Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жуықтады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ел бойынша 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған. Ал екпенің екінші компонентін алғандар 312 197 адам. Өңір арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары алда. Еске салсақ, 28 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған миллионыншы адам тіркелген болатын.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-algandar-sany-1-mln-400-mynga-zhuyktady_a3783787