Аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі және Бұланды ауданы бойынша "Ақмола – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі болып Алдабергенов Азамат Богдатович тағайындалды.

Аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі және Бұланды ауданы бойынша "Ақмола – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі болып Алдабергенов Азамат Богдатович тағайындалды.

Азамат Богдатович 1983 жылы Макинск қаласында дүниеге келген, Көкшетау бухгалтерлік-экономикалық колледжін қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша және Алматы Экономика және статистика академиясын Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы Бұланды аудандық телекоммуникация торабында желілік құрылыстарда 4-разрядты электромонтер лауазымында бастады.

Телекоммуникация құрылысы объектілерін техникалық есепке алу және паспорттау тобының электр механигі лауазымын атқарды. 2012 жылдан бастап желілік-техникалық цехтың бастығы болып табылады.

Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады, аудандық мәслихаттың V шақырылымының "Нұр отан" партиясынан депутаты болды, Қоғамдық шағын аудан кеңесінің төрағасы, "Нұр Отан" бастауыш ұйымының төрағасы болып сайланды.