«Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы тағайындалды

«Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы тағайындалды

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жарияланған ішкі байқау қорытындысы бойынша Жүсіпов Самат Мұхамедияұлы «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы болып тағайындалды.
Самат Мұхамедияұлы Жүсіпов 1986 жылы Бұланды ауданының Макинск қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын Самат Мұхамедияұлы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы болып бастаған.
2015 жылдың қараша айынан бастап Бұланды ауданының Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымында қызмет істеді.
2016 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың қараша айына дейін «Бұланды ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-нің басшысы, 2020 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін "Бұланды ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ-нің басшысы болып қызмет атқарды.