ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ  ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында «2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды (бұдан әрі - ТЖ) жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбына Ақмола облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында орналасқан, мекенжайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 87, Ақмола облысы ТЖ Департаменті.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 55-1484.

Ақмола облысының ТЖД