Аудан әкімдігінде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігінде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі  Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысында Бұланды аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бауыржан Жүсіпов 2021 жылғы көктем кезеңінде су тасқынының суларын залалсыздандыруды және ауданның аумағын дайындауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ шалғай орналасқан жерлерде өрт станциялары мен өрт бөлімшелерін ұйымдастыру бойынша, жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылатын  жұмысы туралы баяндады.

         Сонымен қатар, отырыс барысында көктем кезеңінде су тасқынының суларын залалсыздандыруды және селолық округтер аумағын аумағын дайындауды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу талқыланды.

         Отырыс соңында комиссия төрағасы нақты міндеттер қойып, аталған бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.