Аудандық мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған онлайн концерт өтті

Аудандық мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған онлайн концерт өтті

     Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

         Ос орайда, бүгін аудандық Мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының қатысуымен  мерекелік онлайн концерт ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар, ауданымызды дамыту жолындағы еңбектері үшін бірнеше  саланың қызметкерлері аудан әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлының мерекелік Алғыс хаттарымен марапатталды.