«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында полицияның тірек пункттерінде 12 жедел әрекет ету тобы ашылды.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында полицияның тірек пункттерінде 12 жедел әрекет ету тобы ашылды.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында полицияның тірек пункттерінде 12 жедел әрекет ету тобы ашылды. Жедел топтардың құрамына мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қорғау мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар,учаскелік полиция қызметкерлері,медицина қызметкерлері, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Жедел топтардың жұмысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және оларға кешенді көмек көрсету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.

2020 жылы жедел әрекет ету топтары қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға 33 рет барды. Боған кезде құжаттандыруға – 9 отбасыға, жұмысқа орналастыруға – 12 отбасына, АӘК ресімдеуге – 7, азық– түлік және киім-кешекпен-2 отбасына көмек көрсетілді, 3 отбасында қатыгез қарым-қатынас мәселелері шешілді. 2021 жылдың қаңтарында Макинск қаласындағы жедел әрекет ету тобы 3 отбасына барып, жұмысқа орналасу, материалдық көмек көрсету және мәжбүрлеп емдеуге рәсімдеу мәселелерін шешті.

Құрметті аудан тұрғындары, егер Сізге қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар (адамдар) туралы фактілер белгілі болса немесе отбасыңызда зорлық-зомбылық пен қатыгездік және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жағдайлары белгілі болса, (871646) 2-10-02 телефонына немесе 2-21-38 сенім телефонына қоңырау шалуыңызға болады.