Журавлевка ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Журавлевка ауылдық округінің әкімі  тағайындалды

Бұланды ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 ақпандағы өкімімен өткізілген сайлау қорытындысы бойынша Гильгенберг Татьяна Ивановна Журавлев ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Гильгенберг Татьяна Ивановна 1984 жылы Целиноград облысы, Макинск ауданы, Журавлевка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Журавлевка орта мектебін бітірді, 2001 жылдан 2006 жылға дейін қазіргі Гуманитарлық академияда Заңтану мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын 2005 жылы Журавлев ауылдық округінің маманы болып бастады, 2017 жылдың ақпан айынан бастап Журавлев ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Тұрмыста. 2 бала тәрбиелеуде.