Капитоновкада су құбыры жүйесін қайта құру жүргізілуде

Капитоновкада су құбыры жүйесін қайта құру жүргізілуде

Көптеген жылдар бойы Капитоновка ауылының тұрғындары үшін сапалы ауыз су басты мәселе болатын.
Қазіргі уақытта халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және шаруашылық-ауыз су, өндірістік қажеттіліктерге тұрақты су беру үшін "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде су құбыры жүйесін қайта жаңарту жүргізілуде. Бұл жалпы елді мекен тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берумен қоса, ауылдағы қолданыстағы объектілердің құнын арттырады, жаңа тұрғын үй, әлеуметтік объектілердің құрылысына және сервис пен қызмет көрсету кәсіпорындарын кеңейтуге ықпал етеді.