
Ақмола облысының әкімі орынбасары Мұрат Балпан көміртекті секторды дамыту мәселелері бойынша БҰҰДБ өкілдерімен кездесті.
БҰҰДБ өкілдері климат өзгерісінің салдарын жеңілдету бойынша күш-жігерді арттыру және халықаралық міндеттемелерді орындау жағдайында Қазақстанда көміртекті нарықтардың әлеуетін пайдалану жұмыстары, әсіресе орман және ауыл шаруашылығы саласында күшейіп келе жатқанын атап өтті.
«Шетелдік инвесторлар Қазақстанда орман өсіруге қызығушылық танытуда. Ол үшін Ақмола облысында жобаның талаптарына толық сәйкес келетін аумақтар бар, атап айтқанда, Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің алқабы. Жоба өңірге инвестиция тартады, жұмыс орындарын құрады және экологиялық жағдайды жақсартады», – деді БҰҰДБ көміртекті нарықтар бойынша бас техникалық кеңесшісі Йохан Ниландер.
Мұрат Балпан мүдделі ведомстволар өкілдеріне жобада қатысу шарттарын қарауды тапсырды.
Айта кетейік, облыстың орман қорының ауданы 405,1 мың га құрайды. 2025 жылы орман питомниктерінде қылқан жапырақты және жапырақты ағаш тұқымдарының себуі 25 га жерге жүргізілді. Жалпы, облыста 11 орман питомнигі жұмыс істейді, онда жыл сайын 10 млн-нан астам көшет өсіріледі