БҰЛАНДЫ АУДАНЫНДА ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

БҰЛАНДЫ АУДАНЫНДА ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін құрамында аудан әкімдігі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, аудандық полиция бөлімі, "Атамекен" ҰКП өкілдері бар мониторингтік топ коронавирустық инфекция ауруларының пайда болуының алдын алу жөніндегі шараларды және Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.10.2020 ж. № 125 "Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы" Қаулысының талаптарын сақтау бойынша кезекті мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында мобильді топ covid-2019 ауруының таралуына жол бермеу мақсатында қорғаныс маскаларын міндетті түрде кию, жеке гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша үш объектіде ("Стиль" шаштаразы, "Тұмар" жиһаз дүкені және пиццерия) түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Аудан аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын қатаң сақтайтынын еске саламыз.