Мобильдік топ жұмысы жалғасуда

Мобильдік топ жұмысы жалғасуда

Бұланды ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, ПБ және аудан әкімдігінің қызметкерлері сауда дүкендерінде, қоғамдық тамақтану орындары мен мемлекеттік мекемелерде 15.10.2020 ж. № 125 "Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын сақтау бойынша мониторинг жұмысын жалғастыруда.
Мониторинг барысында мобильді топ осы объектілердің қызметкерлерімен коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық нормаларды қатаң сақтау және қорғаныс бетперделерін міндетті түрде кию бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады.