«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелрі жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулен енгізу туралы» Заңына сәйкес, көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа формасы – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) – енгізілетінін хабарлаймыз.
МИБ - бұл пәтер иелері мен ондағы жалпы алаңдағы көп пәтерлі тұрғын үйдегі басқару нысаны.
МИБ құру артықшылықтары:
- жалпыүйлік меншікті ұйымдасқан түрде бірлесіп басқару;
- жалпыүйлік мүліктің техникалық және эстетикалық жай-күйі үшін ортақ жауапкершілік;
- МИБ бірыңғай басқару органы арқылы барлық коммуналдық мәселелерді жедел шешу.
Осы орайда, жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары, сіздерден лайықты өмір сүруге жағдай жасау мақсатында азаматтық белсенділік танытып, МИБ құруға қатысуларыңызды сұраймыз!