Жыл сайын қазан айының алғашқы дүйсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық дәрігерлер күнін атап өтеді. Бұл күн әлемдегі барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні болып табылады. Қай ұлттың дәрігері болмасын, оның басты мақсаты – пациенттердің денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылатыны сөзсіз.
Гиппократ антын сақтап, адам өміріне араша түсетін абзал жандардың көлемді еңбектері, адамгершілік пен жанашырлық жолындағы қызметтері зор құрметке ие. Дәрігерлік мамандық – жау¬ап-кершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Себебі, дәрігерлік қызмет адам¬ның бұл өмірдегі ең қымбат ден¬саулығы мен өмірін сақтауға бай¬ланысты.
Құрметті Дәрігерлер!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің ерен еңбектеріңіз шексіз, мәртебелеріңіз әрқашан биік.