СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Қазіргі уақытта аң және балық аулау маусымының басталуымен су қоймаларына адамдардың бару жиілігі артты. Өңірде демалу және балық аулау үшін пайдаланылатын 754 су айдыны бар. Олардың 524-і балық шаруашылығын жүргізуге арналған. Аң аулау мен балық аулау кезіндегі апатты жағдайдың алдын-алу шаралары күшейтіле түсті. Бұл туралы арнайы брифинг барысында айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық қорлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Толығырақ әріптесім Тілек Қайыржан баяндайды.
Аңшылық пен балық аулаудың күзгі маусымы басталғаннан бері суда жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 132 рейд шарасы жүргізілді.
- 2019-2020 жылдар аралығында облыстың су айдындарында құтқарушылар 19 балықшыны аман алып қалды. Балық аулау кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларының атқарылып жатқанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген кезеңде облыстың су айдындарында 4 өлім жағдайы тіркелді. Оның негізгі себебі: шағын кемелерде балық аулау кезінде, жеке құтқару құралдарын пайдаланбау, - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің бастығы Алексей Советов атап өтті.
Құтқарушылар күзгі аң аулау мен балық аулау маусымы кезінде азаматтарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

«Көкше ақпарат» ақпараты бойынша