Капитоновка селолық Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Капитоновка селолық Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың маусым айында Капитоновка селолық Мәдениет үйінің жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда, Мәдениет үйінің жылу жүйесінің құбырлары ауыстырылып, қазандығы жөнделуде.
Жалпы Капитоновка селолық Мәдениет үйі 1972 жылы салынған. Сол уақыттан бері ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, жылу жүйесінің жөнделуі алғашқы рет. Бұл ауыл тұрғындары үшін қуантарлық жағдай.
Жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылғы қыркүйек айының соңында аяқталады деп күтілуде.