Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің "Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-нің 2020 жылғы 8 айдағы камералдық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің "Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ-нің 2020 жылғы 8 айдағы камералдық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент) - Мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәуекелдер бейіндеріне сәйкес камералдық бақылау жүргізіледі.
Осылайша, Департамент 2020 жылдың 8 айында 531 400 142,4 мың теңге сомаға 60 926 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) камералдық бақылаумен қамтып, 65 277 810,8 мың теңге сомаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 883 хабарлама жіберді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 8 айында Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әрекеттеріне шағым жасаған жеке және заңды тұлғалардың 1 125 өтінішін қарады.