Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Катар мемлекетіне сапары аясында мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылығы секторындағы әріптестік туралы, оның ішінде инвестициялық әріптестік туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Катарлық инвесторлар Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге инвестиция салуға ниетті: Катарлық Hassad Food компаниясы, Түріктің Tiryaki компаниясы және "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі арасында Ақмола облысында зауыт салу туралы уағдаластықты көздейтін келісімге қол қойылды. Бұл жоба 200 миллион АҚШ долларына бағаланып, астық пен бұршақты терең өңдеумен айналысуға бағытталған.