"Жасыл Ел" студенттік құрылыс жастар ұйымының Павлодар облысындағы штабы Ақмола және Павлодар облыстарында «ZHAS PROJECT» шағын гранттар байқауына өтінімдер қабылдай бастағанын хабарлады.
Аталмыш жоба әлеуметтік осал топтардағы жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған.
Байқау аясында 28 жеңімпаз анықталып, олардың әрқайсысы 1 миллион теңге көлемінде грант алады. Ақмола облысына бөлінген грант саны - 14.
Байқауға қатысушылар өз өтінімдерін zhasproject-akmola-pavlodar.kz веб-порталында тіркеп, сауалнаманы толтырып, тиісті құжжаттарды ұсынуы керек. Байқау басталғаннан кейін қатысушылармен менторлар қолдау қызметі жұмыс істей бастайды.