Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық тексерілді.

Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық тексерілді.

Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық тексерілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында сондай-ақ азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау, республика бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Осындай оқу-жаттығулардың облыстық кезеңі Аршалын ауданы, Жібек жолы ауылында ұйымдастырылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында 2024 жылғы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мәселелері, Есіл өзеніндегі Аршалы ауданында орналасқан Астана су қоймасына және Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде орналасқан Самарқанд, Ынтымақ, Шерубайнуринское үш су қоймасына құйылатын суды реттеу мәселелері қаралды, сондай-ақ Жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шараларды жүргізу инженерлік-техникалық жұмыстар қарастырылды.

Шара аясында су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларды жою тобына тексеру жүргізілді.

Айта кетсек, бүгінде Ақмола облысының азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі су тасқыны кезеңіне дайындықты аяқтау сатысында.

Облыс аймақтарында барлығы 21 мың тоннадан астам инертті материалдар, 79,7 мың дана қап контейнерлері, 210 тонна жанар-жағармай дайындалды.

Елді мекендер ішіндегі қардың еруі салдарынан тұрғын үйлерді су басып қалмау үшін қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда облыстың елді мекендерінен 293 мың м3 қар шығарылды.