хабарландыру

хабарландыру

Құрметті Журавлевка ауылдық округінің тұрғындары!

Хабарлаймыз: халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Журавлевка ауылдық округі әкімдігі ғимаратында Құқық бұрышы ашылды.

Құқық бұрышында сіздер:
• қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілермен таныса аласыздар;
• «Adilet» ақпараттық-құқықтық жүйесіне қол жеткізе аласыздар;
• азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы материалдарды пайдалана аласыздар.

Құқық бұрышы барлық тұрғындар үшін ашық және жұмыс күндері қолжетімді.

Мекенжайы: Журавлевка ауылдық округі әкімдігі ғимараты
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:30