Ауылдық жерлерде азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шаралары. Әлеуметтік жұмыс орны

Ауылдық жерлерде азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шаралары. Әлеуметтік жұмыс орны

Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс берушінің еңбекақысы субсидияланатын жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын әлеуметтік жұмыс орны. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақыны төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген сома негізінде нақты жұмыс істеген уақыт үшін ай сайын жүзеге асырады. Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақының 35 пайызын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде субсидиялайды. Жолдаманы алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығына хабарласуыңыз керек.