Буланды ауданы әкімінің халықпен кездесуі өтті.

Буланды ауданы әкімінің халықпен кездесуі өтті.

Буланды ауданы әкімінің халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы және тұрғындарды толғандыратын өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Аудан әкімі атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берді. Ашық диалог барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.