
Құқық кабинеті» – бұл әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген «2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Советская көшесі 5А мекенжайында орналасқан «Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы "E-gov" базасында «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Кабинетте компьютер (принтер, телефон, веб-камера) орнатылған, әрі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық базасына және «Заң» деректер базасына қолжеткізу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-Өтініш, eGov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжеткізу қамтамасыз етілген.