Макинск қаласының көшелерін қайта атау туралы

Макинск қаласының көшелерін қайта атау туралы

Көшелер мен елді мекендердің атауын өзгерту тақырыбы әрдайым өзекті, өйткені идеологиялық және саяси тұрғыдан көптеген атаулар уақыт өте келе тарихи құндылығын жоғалтады , бірақ халық бұған әрдайым сәйкес келе бермейді. Адамдар өз көшелерінің әдеттегі атауларына өте құрметпен қарайды, көбінесе көше  атауларын өзгертуге келіспейді, бұл олардың тарихы немесе жаңа атауды ұнатпайды, қанша адам болса,сонша пікір. Сондықтан бұл жұмыста көптеген қиындықтар туындайды және көшелер мен елді мекендердің атын өзгерту процесі ұзақ уақытқа созылады.

Макинск қаласындағы көшелерді қайта атау бойынша жұмыс 2017 жылы басталды және қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Бұл жұмыс "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 08 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі.

Жергілікті "Бұланды ақпарат" газетінде "Макинск қаласы әкімінің аппараты" ММ-нің "Көшелерді қайта атау туралы" күн тәртібімен азаматтардың жиындарын өткізу туралы хабарландырулар берілді.

Қала азаматтарымен өткізілген жиындардың қорытындысы бойынша, халықтың пікірін есепке алу қағидаларына сәйкес, газетте жиындардың шешімдері де орналастырылды.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында Бұланды ауданы әкімдігінің 15.02.2024 жылғы №А-2/61 қаулысына және Бұланды аудандық мәслихатының 15.02.2024 жылғы №8С-15/2 шешіміне сәйкес 30 көше атауы өзгертілді. Атауы өзгертілген көшелер тізімі:

 2024 жылдың  5 қаңтарында Макинск қаласының көшелерін қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Жиналысқа қатысушыларға қала көшелерін қайта атаудың келесі жобасы ұсынылды:

  • Заводская; - Арғымақ.
  • Садовая; - Атамұра
  • Геологическая; – Қайнар
  • Гранитная; – Береке
  • Интернациональная – А.Бөкейхан
  • Каменная – Сыбаға
  • Клубная – Т.Какишев
  • Лесная – Қайынды
  • Луговая- Міржақып Дулатов
  • Матросова – А.Байтұрсынов
  • Мира – Білім
  • Московская – Тәуелсіздік
  • Новая – Серпін
  • Новоселов – Қараөзек
  • Павлова – Медеу
  • Правды – Мұстафа Шоқай
  • Райавтодор – Қарағайлы
  • РЭС – Сарыарқа
  • Степная –Өркен
  • Суворова – Шалғынды
  • Элеваторная – Домбыралы
  • Северо-Восточная промышленная зона - Д.Қонаев
  • 1 переулок Крупской – 1 тұйық А.Серікбаев
  • 1 переулок Новоселов – 1 тұйық Қараөзек
  • 2 переулок Новоселов - 2 тұйық Қараөзек
  • 1 переулок Садовый
  • 2 переулок Садовый
  • 3 переулок Садовый Тұйық
  • 4 переулок Садовый
  • 5 переулок Садовый
  • 1 переулок Суворова- тұйық Шалғынды
  • 1 переулок Суворова- тұйық Шалғынды

 

Көшелерді қайта атау бойынша одан арғы жұмыс сәтті өтіп, халық тарапынан қолдау табатынына сенгім келеді, өйткені әркім бұл мемлекеттік  органдар құрған қыңырлық емес, елдің тарихы мен ұлттық мұрасына құрметпен қарауға негізделген орасан зор жұмыс екенін түсінуі керек.