Құрметті Макинск қаласының тұрғындары!
"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау мақсатында 2025 жылғы 10 маусымда сағат 14.00-де № 2 жалпы білім беретін мектепте (теміржолдың арғы беті) Макинск қаласының әкімі Молдағали Камитұлы Кеженевтің Макинск қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу онлайн режимінде көрсетіледі.
Кездесу өткізілгеннен кейін Макинск қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады.
"Макинск қаласы әкімінің аппараты" ММ